24 мая, 2025
Қостанай облысында «Үздік қоғамдық қабылдау» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қостанай облысында «Үздік қоғамдық қабылдау» байқауының жеңімпаздары анықталды

Биылғы жылдың қаңтар айында «AMANAT» партиясы «Үздік қоғамдық қабылдау» атты байқауын жариялаған болатын. Осыған орай, аймақтық деңгейде Қостанай облысында да қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы сараланып, үздіктер анықталды.

Байқауға қатысушылар азаматтарды қабылдау және олардың өтініштерін қарау сапасы, қоғамдық қабылдау қызметінің нәтижелерін көрсететін аналитикалық шолу және «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясындағы жұмыстарымен бағаланды

Қостанай облысында байқау қорытындысын арнайы комиссия қарастырды. Комиссия құрамына партия филиалының аппараты мен Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы Омарғали Байғабылов кірді.

Бағалау нәтижесінде бірінші орын Рудный қаласының қоғамдық қабылдау бөлмесіне бұйырды. Екінші орынды Арқалық қаласы мен Қостанай ауданы иеленсе, үшінші орынға Лисаковск қаласы мен Жітіқара ауданы лайық деп танылды.

Аталған өңірлерде қоғамдық қабылдаулардың жұмыс көрсеткіштері жоғары деңгейде болды. Өтініштерді қарау сапасы, халықпен тығыз байланыс орнату, құқықтық кеңес беру және жергілікті тұрғындардың мәселелерін шешудегі белсенділік ерекше аталып өтті.

Қостанай облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмелері азаматтардың өтініштерін мұқият талдап, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөлді.

Партия филиалының жүйелі жұмысының нәтижесінде көптеген мәселелер оң шешімін тауып, халықтың билікке деген сенімі нығая түсті.

Оңтүстік өңірлер мәжіліске онлайн қосылды.