Аманкелді ауданының Амантоғай ауылынан 15 шақырым жерде, облыстық маңызы бар «Әулиекөл – Жолдама» автожолының жабық учаскесінде құтқарушылар күшімен жолдың тазартылған учаскесіне 8 жеңіл автомобиль сүйреп шығарылды, онда 30 адам болған. 11 адам Амантоғай ауылындағы жылыту пунктіне жеткізілді. Араларында 3 бала бар. Құтқарылғандардың ешқайсысы медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
