Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Еңбек жолы» конкурсқа қатысу үшін үміткерлердің өтінімдерін қабылдау басталғанын хабарлайды. Конкурс аясында үздік өндіріс қызметкерлері мен еңбек әулеттері анықталады.
Бұл конкурс өнімді еңбекті ынталандыруға, жастар арасында жұмысшы мамандықтарды танымал етуге және жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайтуға бағытталған.
Конкурс жыл сайын өңірлік және республикалық деңгейде өткізіледі. Қатысушылар үш аталым бойынша анықталады:
«Үздік еңбек әулеті» – еңбек өтілі ең ұзақ, марапаты ең көп әулет таңдалады;
«Өндірістің үздік жас маманы» – жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;
«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» – жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады.
Конкурсқа кәсіпорындардың (саласына қарамастан) барлық қызметкерлері қатыса алады. Жеңімпаздарды арнайы республикалық комиссия анықтайды.
Өтінімдерді қабылдау – 2025 жылғы 1 шілдеге дейін.
Конкурс туралы толық ақпарат алу үшін 8 (7142) 50-11-80 телефоны бойынша Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына өтіну қажет.
Фото: ortcom.kz