Қостанай облысында аң аулау маусымы ашылды

Қостанай облысында аң аулау маусымы ашылды

Ағымдағы жылдың 6 сәуірінен бастап Қостанай облысының аумағында суда жүзетін құстарға көктемгі аң аулау маусымы ашылды. Бұл туралы Қостанай облысы ПД табиғатты қорғау полициясының инспекторы Тимур Нұрсаитов мәлімдеді.

Облыста табиғатты қорғау заңнамасын сақтау үшін аңшылық алқаптарда рейдтік іс-шаралар өткізетін арнайы мобильді топтар құрылды.

Полицейлер аңшыларға табиғат қорғау заңнамасын, сондай-ақ атыс қаруымен жұмыс істеу кезінде жеке қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін ескертеді.

– Жыл басынан бері табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 229 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде ҚР ӘҚБтК – нің 382 – бабы “аң аулау ережелерін бұзу” бойынша – 131 , ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы бойынша “балық аулау ережелерін бұзу” бойынша-98, – деп атап өтті Тимур Нұрсаитов.

Жаңалықтармен бөлісу