Мото-маусымды күтпей-ақ, аймақ тұрғындары екі доңғалақты көліктерін белсенді тіркей бастады.Облыс орталығында 32 мопед, Жітіқара және Федоров аудандарында 5, Арқалық 4, Қостанай және Ұзынкөл аудандарында 3 мопед, Лисаковск 2 , Рудный, Алтынсарин және Сарыкөл аудандарында 1 мопед есепке алынды.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін полиция қызметкерлері жергілікті жерлерде көлікті тексереді.
Облыстық ПД 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтер ресми түрде механикалық көліктерге теңестірілетінін еске салады.
Оларды пайдалану үшін келесі құжаттар мен процедуралар қажет болады:
полицияда тіркелу;
А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі;
техникалық тексеру;
азаматтық жауапкершілігін сақтандыру.
Тіркелу үшін тұрғылықты жері бойынша мамандандырылған ХҚКО-ға осындай құжаттармен жүгіну қажет:
– жеке куәлік (электронды түрде болуы мүмкін);
– мопедтің техникалық құжаты немесе сипаттамалары.
Осыдан кейін өтініш толтырып, мопедті тексеріп, мемлекеттік баждарды төлеуіңіз керек.