Бүгінде жалпы, су тасқынынан келтірілген залалды өтеуге комиссияға 2439 өтініш келіп түсті. Төлемдер бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.
«Бұл мақсаттарға жергілікті бюджеттен 5 млрд теңге бөлінді. Бірінші кезекте қаражат әлеуметтік төлемдерге, су тасқынынан зардап шеккендерге залалды өтеуге, сондай-ақ ауылдық елді мекендерде автомобиль жолдары мен электр энергиясымен жабдықтауды қалпына келтіруге жұмсалады», – деді Қостанай облысы әкімдігі қаржы басқармасы басшысының орынбасары Алма Жүсіпова ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Бұдан басқа, ҚР Үкіметінің резервінен қосымша 405 млн теңге бөлінді, олар толығымен игерілді.
«Арқалық қаласында оңтүстіктегі өңірлерде зардап шеккен тұрғындарға 31 пәтер сатып алынды», – деді спикер.
Барлығы 1100 үй зерттелді, оның ішінде 700-ге жуық үй қалпына келтіруге жатады – олар бойынша өтемақы төленеді және жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қалпына келтіруге жатпайтын үйлер – 378 үй, олардың орнына жеке сектордан сатып алу арқылы коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй беріледі.
«Қостанай ауданында зардап шеккендерге тағы 30 пәтер сатып алуға құжаттар дайындалуда», – деді спикер.
Біржолғы әлеуметтік көмек бойынша 739 млн теңге сомасына 1915 өтініш бойынша төлем жасалды, өтініштерді қабылдау және төлеу жұмыстары жалғасуда.
«Өткен аптадан бастап зардап шеккендерге тұрмыстық техника, жиһаз және басқа да мүлік үшін төлем төлеу бойынша жұмыс басталды. 20 аотық өтініш бойынша 7,5 млн теңге төленді. Жұмыс жалғасуда», – деді аймақ өкілі.
Сондай-ақ, өңір алғашқылардың бірі болып өлген ауыл шаруашылығы жануарларына келтірілген залалды өтей бастады, ветеринарлық қызметтің мәліметінше, олардың саны 981. Бүгінгі күні бағалау бойынша есептер 806 бас бойынша дайын, төлем 161 млн теңге мөлшерінде жүргізілді.