Қостанай облысы ПД бастығы тұрғындардың сұрақтарына жауап берді

Қостанай облысы ПД бастығы тұрғындардың сұрақтарына жауап берді

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында ішкі істер органдары азаматтардың өзекті мәселелеріне жедел әрекет етуді басымдыққа алып отыр.

Осы бағытта Қостанай облысы полиция департаментінің басшылығы тұрғындармен тікелей байланыс орнатып, көкейкесті мәселелерді шешуге арналған көшпелі қабылдауларды тұрақты түрде өткізуде.

Жақында Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин Аманкелді және Жанкелдин аудандарына жұмыс сапарымен барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Диалог барысында азаматтарды мазалайтын ең өзекті сұрақтар жан-жақты талқыланды.

– Заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау – полиция органдарының басты міндеті. Азаматтардың әрбір өтінішін мұқият зерделеу және тиімді кері байланыс орнату – біздің жұмысымыздың негізгі қағидаттарының бірі, – деп атап өтті Ерлан Файзуллин.

Кездесу барысында қылмыстық істерге қатысты мәселелерден бастап, аймақ тұрғындарын алаңдатқан басқа да маңызды сұрақтар қаралды. Департамент басшысы әрбір өтініштің мұқият зерттеліп, қабылданған шешімдердің жеке бақылауында болатынын айтты. Мұндай тәсіл полиция департаментінің өз қызметінде ашықтық қағидаттарын ұстанатынын айқын көрсетеді.

2024 жылы Ерлан Файзуллиннің жеке қабылдауында 80-нен астам азаматтың өтініші қаралып, шешімдер қабылданды.

Жұмыс сапары аясында департамент бастығы Аманкелді және Жанкелдин аудандарының полиция бөлімдерінде жеке құраммен де кездесу өткізді. Ол Мемлекет басшысының «Заң және тәртіп» қағидатын қоғамның идеологиялық негізіне айналдыру туралы тапсырмасының маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар Ерлан Файзуллин құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларға мүлдем төзбеушілік қағидаты бойынша полиция жұмысының тиімділігін арттыру қажеттігін айтты. Бұл – қоғамның құқықтық мәдениетін нығайтудың басты қадамы.

Жаңалықтармен бөлісу