Қостанай облысы Мемлекеттік архивінде көрме ашылды

Қостанай облысы Мемлекеттік архивінде көрме ашылды

Бүгін ашылған көрме «Ұлы Отан соғысының архивтік жылнамасы» аталады. Аты айтып тұрғандай, Жеңістің 80 жылдығына арналды. 

Көрме үш бөлімге бөлінген. Бірінші бөлімде көрмеге қойылған құжаттардан соғыс жылдарында облыс орталығында бес эвакогоспитальдың құрылғанын, Мәскеу облысының Егорьевск қаласынан Комсомолец ауылына ауыстырылған №222 әскери зауыттың елімізде жалғыз автоматты танк отшашарларын шығарғанын, Қостанай еңбекшілері жинаған қаражатқа 4 шабуылдаушы ұшақ салынғанын, сонымен қатар соғыс жылдарында Мәскеу мұражайларының құндылықтары Қостанайда болғанын және басқа да тарихи деректерді білуге болады.

Екінші бөлім соғыс кезіндегі балаларға арналып, Қостанай облысындағы балалар алаңдары мен лагерьлерінің ашылуы, ата-анасыз қалған балаларды іздеу, Мәскеу балалар үйінен Қостанайға балаларды жөнелту, Қостанай қаласының артелдерінде балалар мен жасөспірімдердің егін алқаптарында және станоктарда жұмыс істеуі туралы айтылады. Сондай-ақ Жуков, Қарабалық, Станцион, Степанов орта мектептерінің табельдері, Қостанай қаласы мен облысындағы балалар мен жасөспірімдердің әскери кезеңдегі фотосуреттері ұсынылған.

Үшінші бөлімде отан қорғаушылар туралы айтылады. Құжаттар арасында ІІ дүниежүзілік соғысқа қатысушылардың жеке қорларынан 30-дан астам фотосурет, облыстық өлкетану мұражайының қорлары, РФ Қорғаныс министрлігі архивінің электронды дерекқоры, Қостанай тұрғындарының жеке архивтерінен алынған құжаттар бар. Құжаттардың түрлері өте алуан түрлі: марапаттау парақтары мен пошталық карточкалар, Беларусь пен Литваны, Австрия мен Венгрияны, Чехословакияны азат етуге қатысушыларға берілген алғыс хаттар, И. В. Сталиннің «Краков пен Дрезден қалаларын азат ету үшін» деген алғыс хаттары, майданнан жазылған хаттар, грамоталар, жарақат алғаны және госпитальдарда болғаны туралы анықтамалар және басқа да құжаттар.

Қостанай облысының Мемлекеттік архивінде және оның филиалдарында ҰОС қатысушылардың жеке қорларынан 300-ден астам құжат сақтаулы. Сонымен қатар, Instagram әлеуметтік желісінде «Фронтовые письма» атты челлендж басталып, #фронтовые_письма_архив_костанай хештегімен жарияланды. Мерейтойлық датаға орай, «Қостанай облысының танымал адамдары: Ұлы Отан соғысына қатысушылар» атты проспектінің 11-ші бөлімі жарық көреді, оған Қостанай облысы Мемлекеттік архиві мен оның филиалдарында мемлекеттік сақтауында сақталған соғыс қатысушыларының жеке қорларынан алынған құжаттар кіреді.

 

Жаңалықтармен бөлісу