“Қостанай минералдары” акционерлік қоғамы – жылдың үздік салық төлеушісі

“Қостанай минералдары” акционерлік қоғамы – жылдың үздік салық төлеушісі

Астанада өткен салтанатты рәсімде Мемлекеттік кірістер комитеті 2023 жылдың қорытындысы бойынша сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушысын атады. Бұл жоғары атаққа еліміздің ірі хризотил-асбест өнімдерінің  экспорттаушысы “Қостанай минералдары” АҚ ие  болды.

Салтанатты рәсім барысында марапат кәсіпорынның қаржы директоры Исламбек Орынбаевқа табысталды.
Сондай-ақ, бұл конкурс дәстүр бойынша жыл сайын өткізіледі. Ол экономиканың түрлі салаларында табысты жұмыс істейтін және елдің экономикалық өсуіне тікелей әсер ететін қазақстандық салық төлеушілердің жетістіктерін атап өтуге арналған.

Мемлекет атынан ел алдындағы өз міндеттерін адал атқаратын, ашықтығымен және кәсіпкерлік талантымен ерекшеленетін, күнделікті еңбегі Қазақстанның әл-ауқатының іргетасын қалауға атсалысқан кәсіпорындардың еңбегі жоғары атап өтіледі.

@gazetakm

Жаңалықтармен бөлісу