Облыста  қызылшамен сырқаттанушылардың  саны артты

Облыста  қызылшамен сырқаттанушылардың  саны артты

Осы уақытқа дейін  107 жағдай тіркелгені туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен хабар келіп түсті.  Дерт жұқтырғандардың дені Қостанай қаласында. Дәлірек атқанда, 77 жағдайды құрап отыр.

Медицина мамандарының пайымдауынша, бұл дертке шалдыққандардың көбі вакцина алмағандар.  Олардың қатары  65,4% (70 жағдай). Оның ішінде егу жасына жетпегендердің үлесі  – 21% (22 жағдай).

Жалпы статистика бойынша  Әулиекөл (3), Қостанай  (6)  ,  Денисов  (1), Жангелдин(2), Жітіқара       ( 1), Қарабалық ( 2), Қарасу (1) , Ұзынкөл (1) , Б. Майлин аудан  (1) аудандары мен  Рудный (9),  Арқалық (3) қалаларында осы дертті жұқтырғандар тіркеліп отыр.

Олардың ең көп бөлігін төрт жасқа дейінгі балалар екен.

Жаңалықтармен бөлісу