Аудан көлемінде барлығы 1043 адам және 212 бас үй жануары қауіпсіз жерлерге уақытылы көшірілген.
Алайда, эвакуациялық пункттерге 80 адам орналастырылды, науқасы бар үш тұрғын ауруханаға жатқызылған.
Полиция қызметкерлері тұрғындары көшірілген көшелерді патрульдеуді жалғастыру барысында.
Қазір ауданда ұзын саны 14 эвакуациялық пункт ашылып, 1315 төсек-орын әзірленген. Олар:
– Н.Наушабаев атындағы мектеп-гимназия;
– №2 жалпы білім беретін мектеп (ЖББМ);
– мемлекеттік тілде оқытатын Заречный мектебі;
– Мичурин ЖББМ;
– Жамбыл ЖББМ;
– Заречный мектеп-лицейі;
– № 1 ЖББМ;
– “Алтын қырғауыл” қонақ үйі;
– “7 миль” қонақ үйі;
– “Пристань” қонақ үйі;
-“Ақ ниет” қонақ үйі;
– “Союз КО” жатақханасы;
– “Астана” спорт кешені.
“Бүгінгі таңда аудандық полиция бөлімі, ТЖБ, Газ қызметі, ветеринариялық қызмет, ЖАО, “ДОС” волонтерлік ұйымы қызметкерлері күш біріктіріп, бөгетті нығайту, топырақпен биіктету, қапшықтар төсеу, еріген судың арнасын бұру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр”, – делінеді аудандық штаб хабарламасында.
Тұрғындардың барлық сұрақ бойынша 109 бірыңғай нөміріне жүгінуіне болады.