Облыс активінің кеңейтілген мәжілісінде өңір басшысы Қостанай әуежайын талапқа сай жөндеу үлкен маңызға ие екенін атап өтті. Ол өңірге инвесторлар тартуда ауқымды роль атқармақ.
-Әрине, инвесторлар үшін әуе қатынасы өте маңызды. Біз қазір А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай әуежайының ғимаратын дұрыстап жатырмыз. Ұшу-қону алаңдары кеңейтіледі. Сол кезде әуежай бір мезетте Боинг-767, Airbus-320, Airbus-321 тәрізді жеті әуе лайнерін қабылдай алады. Жолаушылар тасымалы, жүк, транспорттық ұшақтар да еркін самғайды, – деді Қ.Ақсақалов.
Әлібек ЫБЫРАЙ