Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерімен күрес жүргізу мәселелерін полицейлер, экологтар және жергілікті билік өкілдері талқыға салды.
Осы жұмыс аясында жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Мақсұт Ералиев рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері жиі жиналатын жерлерде портативті «Фото-тұзақтарды» орнатуды ұсынды. Мұндай құрылғылар мобильді болады, бұл құқық бұзушылықтарды тез тіркеуге және кінәлілерді жауапқа тартуға мүмкіндік береді.Сондай-ақ Мақсұт Ералиев 2024 жылы өңірде қоқыс үйінділерінің 43 фактісі тіркелгенін, оның жиырмасы жойылғанын хабарлады. Қоқыс үйінділері Қостанай, Амангелді, Жітіқара, Қамысты, Науырзым, Ұзынкөл және Федоров аудандары мен Рудный қаласындағы әртүрлі елді мекендерде анықталған.
“Жалпы, өңірде қоқыс үйінділері үшін 9 мыңға жуық адам және қоғамдық орындарды ластағаны үшін 3 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдар сомасы 44 миллион теңгеден асты. Іс-шара «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өтті”, – дейді тәртіп сақшылары.
Айта кетейік, қазір өңірде ірі қоқыс үйінділерін анықтаумен және жоюмен айналысатын полиция, экологтар және әкімдік қызметкерлерін қамтитын 38 мобильді топ жұмыс істейді.
Нұрдана Тағаймұратова,
ҚӨУ студенті