Республика бойынша қылмыстың жалпы деңгейі 12% — ға төмендеді. Мал ұрлығы фактілері 14% — ға азайды. Бұл бағытта 661 қылмыс ашылды.
Қарақшылық саны – 28% — ға, тонау – 13% — ға, көшелердегі құқық бұзушылықтар – 8% — ға төмендеді. Республикада Жол қозғалысы ережелерін бұзудың 8,2 млн фактісі тіркелді.
Ел бойынша құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін 1,2 миллионнан астам бейнекамера жұмыс істейді. Осы жылы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл тетіктері қатаңдатылды. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары қабылданды.
@kazinform_news