Қиын шақ та өтеді…

Қиын шақ та өтеді…

Қазір еліміз үшін күрделі кезең орын алып отыр. Қардың күрт еруі салдарынан ел аймақтарында су басып, біраз әбігерге салуда.

Бұл бірінші кезекте табиғи апат екенін ұмтыпағанымыз жөн. Бабаларымыз “апат айтып келмейді” дейді. Расында, барша халық қардың кенеттен еруінен мұншалықты апат болады деп ойлаған жоқ. Себебі су тасқыны көлемі жағынан 80 жылдан бергі ең ірі апат деуге болады. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына арнайы үндеуін жолдады.

Жолдауда су тасқынына байланысты Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында төтеншке жағдай жарияланғандығы баян етілді. Сонымен қатар атқарушы органдар жіберген олқылықтарды түзеу үшін шұғыл түрде нақты тапсырмаларды беріп, қазір барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанығы тілге тиек етілді. Үкімет қарғын судың салдарын жоюға бар күшін салуда.

Бұл бейнеттің де уақытша екені даусыз. Қазіргі уақытта ең басты нәрсе азаматтардың, халықтың амандығы. Орын алып жатқан қиыншылықтың бәрі уақытша екені анық. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

 

Есім ДАУЫЛБАЙ

Аманкелді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Жаңалықтармен бөлісу