Қазақстандық оқушылар Еуропалық география олимпиадасынан жүлдемен оралды

Қазақстандық оқушылар Еуропалық география олимпиадасынан жүлдемен оралды

Литваның Вильнюс қаласында өткен Еуропалық география олимпиадасы (European Geography Olympiad – EGeO) өз мәресіне жетті. Қазақстан атынан қатысқан Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары бұл білім додасында сәтті өнер көрсетіп, алты бірдей жүлдеге ие болды.

Атап айтқанда, екі оқушы жоғары нәтиже көрсетіп күміс медаль алды. Тағы төрт оқушы тамаша нәтиже көрсетіп қола медальмен марапатталды.

Қостанай қаласындағы NIS оқушысы Андрей Енбахтов пенТалдықорған қаласындағы NIS оқушысы Ақжол Болат Күміс медаль иеленді. Ақтөбе қаласындағы NIS оқушысы Әлихан Қалмағамбетов, Павлодар қаласындағы NIS оқушысы Мансұр Тұрсынғалиев,  Талдықорған қаласындағы NIS оқушысы Рамиль Имашев, Шымкенттегі химия-биология бағытындағы NIS оқушысы Микаэль Почукаев қола жүлдегер атанды.

Еуропалық география олимпиадасы 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл байқау оқушылардың география мен қоршаған ортаға деген қызығушылығын арттыруға, ғылыми ойлау қабілетін дамытуға және түрлі елдердің жастары арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Сайыс үш бөлімнен тұрды: жазбаша тапсырма, мультимедиялық тест және далалық жұмыс. Барлық тапсырмалар ағылшын тілінде жүргізілді.