Қазақстандық конькимен жүгіруші үшінші рет Әлем кубогын жеңіп алды

Қазақстандық конькимен жүгіруші үшінші рет Әлем кубогын жеңіп алды

Кристина Шумекова Миланда (Италия) өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының кезеңінде үш дүркін жеңімпаз атанды.

Отандасымыз 1500 метрлік қашықтықта алтын медаль жеңіп алды.

Мәреге екінші болып жапониялық Аяно Секигучи келсе, үздік үштікті қытайлық Цзяминь Цзян түйіндеді.

Айта кетейік, бір күн бұрын Шумекова 1000 және 3000 метр қашықтықтарда да бірінші орын алған еді.