Есірткі мен жемқорлық қоғам дерті: Арқалықта өзекті мәселе сахналанды

Есірткі мен жемқорлық қоғам дерті: Арқалықта өзекті мәселе сахналанды

Облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен Арқалық қазақ жасөспірімдер театрының сахнасында қоғамның өзекті мәселелерін көтерген, жас ұрпақтың санасына адалдық пен ар-ождан құндылығын сіңіруге бағытталған С.Сматаев пен Т.Теменовтің «Шырғалаң» драмасы көрермен назарына ұсынылды. blank blank

Қойылымды мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының өкілдері мен мәдениет саласының қызметкерлері және студенттер тамашалады.

blank blank blankblankКеш соңында Арқалық қаласының прокуроры Өсер Арынтаев сөз сөйлеп, қойылымда нашақорлық, жемқорлық, сатқындық, шарасыздық сынды күрделі мәселелердің тереңінен қозғалғанына тоқталып, бұл тақырыптардың қоғамдық сана үшін маңызы зор екенін атап өтті.

blank

Сондай-ақ, қала прокуроры, Әділет кеңесшісі Өсер Өнерұлы адам бойындағы адамгершілік қасиетті жоғалтпай, дұрыс жолды таңдау — әр азаматтың өз қолында екенін тілге тиек етіп, мазмұнды қойылым үшін театр ұжымына алғысын білдірді.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Суреттерді түсірген – автор

Арқалық қаласы