17 мамырдан бастап шетел азаматтары үшін бензин мен дизель отынына жаңа бөлшек сауда бағасы енгізіледі, – деп хабарлайды zan.gov.kz сайты.
Өзгерістер ҚР Энергетика министрі енгізген жанармай құнын реттейтін түзетулер нәтижесінде енгізіліп отыр. Жарияланған қаулыға сәйкес қосылған құн салығын ескере отырып, мынадай шекті бағалар белгіленген:
- Аи-80 маркалы бензин – шетелдік азаматтарға 1 литр үшін 89 теңге;
- Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин – шетелдік азаматтарға 1 литр үшін 245 теңге;
- Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде 1 тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 205 теңге;
- Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін және мотоциклдерге, жеңіл, жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде 1 тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 205 теңге;
Қосылған құн салығын қосқанда дизель отынының құны:
- дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – шетелдік азаматтарға 1 литр үшін 315 теңге;
- Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде 1 тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 295 теңге;
- Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін және жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде 1 тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 295 теңге.
Өзгерістер күшіне енгеннен кейін арзан бағамен жанар май құйғысы келетін қазақстандықтар тәуліктік лимитті бақылау үшін жанар май бекетінде жүргізуші куәлігі мен тіркеу құжатын ұсынуы қажет.
фото: kolesa.kz