Бұл туралы Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Сөз Қазақстан Республикасының вице—президенті институтын құру және оны Конституцияда тиісті түрде бекіту туралы болып отыр. Вице—президентті Парламенттің келісімімен қарапайым көпшілік дауыспен Президент тағайындайды. Оның өкілеттіктерінің шеңберін Мемлекет басшысының өзі айқындайды. Вице—президент Президенттің тапсырмасы бойынша халықаралық форумдарда және шет мемлекеттердің делегацияларымен келіссөздерде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіреді, Президенттің мүдделерін Парламентте білдіреді, отандық және шетелдік қоғамдық—саяси, ғылыми және мәдени—ағарту ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды, Президенттің басқа да тапсырмаларын орындайды деп болжанады«, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
