11 июля, 2025
Қазақстанда отандық өндірушілерді қолдау бойынша жаңа бастамалар іске асырылатын болады

Қазақстанда отандық өндірушілерді қолдау бойынша жаңа бастамалар іске асырылатын болады

Үкімет отырысында Kazenergy қауымдастығының атқарушы директоры Жандос Нұрмағанбетов отандық өндірушілерді қолдау бойынша жаңа бастамаларды іске асыру туралы хабарлады.

Ол қауымдастық Үкіметтің отандық өндірісті дамыту және жергілікті қамту деңгейін арттыру бағытын қолдайтынын атап өтті. Отандық тауар өндірушілерін қолдау бағыты бойынша квазимемлекеттік компаниялармен оффтейк келісімшарттар жасасу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Мәселен, Қауымдастықтың Қазмұнайгаз, QazaqGaz, Қазатомөнеркәсіп, Самұрық-Энерго, КЕГОК мүшелері бойынша жалпы сомасы 150 млрд теңгеден асатын 302 келісімшарт жасалды. Компаниялар осы бағытта оң динамика көрсетіп отыр. Мұндай келісімшарттардың санын арттыру жұмысы жалғасын табады.

Спикер қауымдастық мүшелері отандық өндірушілерді қолдау бойынша жаңа бастамалар мен жоспарларды іске асыруды жалғастыратынын айтты. Атап айтқанда, Kazenergy отандық өндірушілер үшін неғұрлым тиімді және ашық орта құруға ұмтыла отырып, сатып алу жүйесін жақсарту үшін «Самұрық-Қазынамен» белсенді өзара іс-қимыл жасайды.