Қазақстан жоғары дипломатиялық беделін көрсетті

Қазақстан жоғары дипломатиялық беделін көрсетті

ҚР Көлік министрлігі Ақтауда болған ұшақ апатына қатысты тергеу Чикаго конвенциясының 13 қосымшасына сәйкес жүргізілетінін хабарлады. Онда тергеу жүргізетін мемлекет борттық өздігінен жазғыш деректерін оқуды қамтамасыз етеді және оларды қай елде таратып жазу туралы шешім қабылдайды.

Бұл мәселе Мемлекет басшысының жеке бақылауында. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл мәселеге араласуы Қазақстанның бейбітшілік пен әділдікке негізделген дипломатиялық миссиясын көрсетті. Әзербайжан мен Ресей арасындағы келіспеушіліктердің шешімін табу – оңай міндет емес, алайда Президент Тоқаев барлық тараптармен келіссөздер жүргізіп, барлық мүдделерді ескере отырып, ең тиімді шешім қабылдады.

Борттық жазғыштарды ұшақты шығарушы елдің – Бразилияның CENIPA орталығына жіберу туралы шешім ИКАО ұсынымдарына толық сәйкес келеді. Бұл қадам жазғыш деректерін объективті түрде таратып оқуды қамтамасыз етіп, тергеу барысының ашықтығына кепілдік береді. Сонымен қатар, бұл шешім барлық мүдделі тараптардың келісімімен жүзеге асқаны, Қазақстанның жоғары дипломатиялық беделін көрсетеді.

Қазақстан осы әрекеті арқылы халықаралық қоғамдастыққа өз бейтараптығын, әділдігін және жауапкершілігін танытып отыр. Елдің осындай сындарлы ұстанымы тек авиация қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ғана емес, жаһандық деңгейде сенімді серіктес ретінде танылуына ықпал етеді. Қазақстанның бұл шешімі халықаралық қауымдастық тарапынан жоғары бағаланары анық.

Ербол БЕКҚАЛИЕВ,
“Шағын және орта бизнес
кәсіпкерлерін қолдау одағы” төрағасы,
Б.Майлин ауданы
мәслихатының депутаты

Жаңалықтармен бөлісу