Қазақстан құрамасы іріктеу ойындарын сәтті бастады

Қазақстан құрамасы іріктеу ойындарын сәтті бастады

Баскетболдан Қазақстан ұлттық ерлер құрамасы 2025 жылғы Азия кубогіне жолдама беретін алғашқы іріктеу матчында жеңіске жетті.

Астанадағы «Сарыарқа» республикалық велотрегінде ұйымдастырылған баскетболшылар бәсекесінде біздің жігіттер намысты қолдан бермей, Үндістан құрамасынан 63–50 есебімен басым түсті.

“Ұлттық құрама спортшылары «Сарыарқа» спорт кешеніне жиналған жанкүйерлерге жарқын ойын үлгісін көрсетіп, көрермендерге керемет спорт эмоциясын сыйлады. Осындай маңызды матчта ұлттық құрамаға қолдау көрсетіп, жігіттерге жігер берген жанкүйерлерге ерекше алғыс айтамын”, – деп құттықтады ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Жеребе қорытындысы бойынша біздің құрама «Е» тобында Иран, Үндістан және Қатар құрамаларымен сынға түсіп жатыр. Азия кубогінің финалдық кезеңі 2025 жылдың 5-17 тамызы аралығында Сауд Арабиясында өтеді.

Жаңалықтармен бөлісу