Давид Домжони «Тобыл» ойыншысы атанды

Давид Домжони «Тобыл» ойыншысы атанды

26 жастағы Косово құрамасының ойыншысы маусым соңына дейін «Тобылмен» келісім-шартқа отырды.
Давид Домжони кәсіби мансабын 2014 жылы «Тирана» клубында бастады. Кейін ол «Кастриоти», «Термалика» және «Лачи» сияқты жергілікті ұжымдарда болды. 2021 жылы Домжони Швейцарияның «Люцерн» клубына ауысты. «Тобылға» дейін ол Түркияның «Менменспор» және «Маниса» командаларында доп тепті.

2021 жылы Домжони Гвинеяға қарсы жолдастық кездесуде Косово құрамасында дебют жасады.

Мамандардың айтуынша, Давид ойынды жақсы «оқиды», допты еркін ұстай біледі. «Екінші қабатта» тәп-тәуір ойнайды, жылдам қарсы шабуылды бастай алады. Қарсылас қақпасы маңындағы стандарттарда жақсы көмекші.

Жаңалықтармен бөлісу