Мұндай консорциумды құру қазіргі уақытта Қазақстанда атом электр станциясын салу жобасын жүзеге асырудың ықтимал үлгілерінің бірі ретінде зерттелуде. Бұл туралы gov.kz-те жазылды.
ҚР Энергетика министрі Алмасдам Сатқалиев Оңтүстік Кореяға сапары барысында корейлік компаниялардың өкілдерімен олардың халықаралық консорциумға қатысу мүмкіндігін талқылаған. Сатқалиев бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім 2025 жылы қабылданатынын атап өтті.
«Корея тарапы атом электр стансасының құрылысы бойынша референдумның сәтті өтуімен құттықтап, Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша кореялық компаниялармен консультациялар өткізуге қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді», – делінген хабарламада.
Doosan Enerbility компаниясының өкілдерімен келіссөздер нәтижесінде Энергетика министрлігі мен Doosan Enerbility арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Құжат аясында тараптар жергілікті кадрларды оқыта отырып, кореялық компанияның энергетикалық жабдықтары өндірісін локализациялау, сондай-ақ Астана қаласында зауыттың өкілдігін ашу мүмкіндіктерін зерделейді.