2015 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында үстел теннисінен өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында жерлестеріміз күміс жүлдені қанжығаларына байлады.
Жарыс Петропавл қаласында аралығында өтті.
«Дүбірлі доданың командалық жарысында Қостанай облысының жасөспірімдер командасы жүлдені екінші орынды еншіледі. Команда құрамында: Қостанай қаласынан — Дагир Данияров, Рудный қаласынан — Артем Ваплер, Арқалық қаласынан — Әмір Сарқытбай, Жәнібек Жағыпаров, Ерасыл Аманжол сынды мықты ойыншылар бар. Ер балалар арасында өткен жарысқа еліміздің аймақтарынан 17 команда қатысып, ақтық ойында Шымкент қаласының ойыншыларына есе жіберген төл командамыз күміс медальды қанағат тұтты», – дейді белгілі спортшы, Арқалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Жұлдыз Рахимова.
Барлық қатысушы 112 ер балалардың арасында Дагир Данияров — 3 орын, Артем Ваплер 5 орын, Әмір Сарқытбай 14 орынға тұрақтады.
Қыз балалар арасында барлық қатысушы 100 спортшының арасында Қостанай облысы құрама командасының ойыншысы Аделина Шпилевая үздік ойын өрнегін көрсетіп, 16 орынға көтерілді.

Аралас жұптық ойындарда қостанайлық Дагир Данияров пен қарағандылық Злата Стадник Қазақстан чемпионы атанды. Жұптық ойындарда жерлестеріміз Дагир Данияров пен Артем Ваплер 2 орынды меншіктеді.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы
