Климаттық дағдарыстың, әсіресе балалардың әл-ауқатына ықпалының артуына жауап ретінде Қазақстан балалар, жастар және климат саласындағы іс-қимылдар туралы Декларацияға қол қойған әлемнің 65 елінің қатарына қосылды. Қол қою Астанада өтті.
Өз сөзінде Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев «ЮНИСЕФ, климаттың өзгеруі жағдайында балаларды қорғау мәселелеріндегі негізгі әріптестердің бірі. Министрлік ынтымақтастықты кеңейтуге ашық және ЮНИСЕФ-пен бірлесіп балаларға және тұрақты болашаққа бағытталған бастамаларды іске асыруға дайын».
«Декларацияға қол қоя отырып, Қазақстан болашақ ұрпақ үшін таза, салауатты және орнықты ортаны қамтамасыз ететін іс-қимылдарды қалыптастыру кезінде балалармен және жастармен мазмұнды өзара іс-қимыл жасауға міндеттеме алды. Біз бұл маңызды қадамды құптаймыз және осы міндеттемелерді балалар үшін нақты нәтижелерге айналдыру мақсатында Үкіметпен әріптестігімізді нығайтуға сенеміз», — деп атап өтті ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша өңірлік директоры Реджина Де Доминичис.