Бұл туралы «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Қостанай өндірістік филиалының баспасөз қызметі хабарлайды. Негізгі функциялардың бірі фотосуреттегі көрсеткіштерді автоматты түрде тану, сонымен қатар қателер мен ауытқулардың болуына деректерді алдын ала тексеру.
Мобилді қосымша Қазақстан Республикасы Президентінің ресурстарды тиімді тұтыну тетіктерін енгізуге бағытталған тапсырмасын жүзеге асыруда ең маңызды рөлді атқарады. Үнемді тұтыну, ең алдымен, тұтынушылардың энергия ресурсын пайдалану үшін жауапкершілігін арттыруды білдіреді, ал цифрлық құралдар бұл процесті ашық әрі ыңғайлы етуге көмектеседі.
Мобилді қосымшаның жоспарланған функционалдығы мыналарды қамтиды:
- тұтыну және төлем тарихын қарау;
- есептегіштерді тексеру және техникалық қызмет көрсету мерзімдері туралы ескертулер;
- газ желісіндегі жоспарланған жұмыстар туралы хабарламалар;
- энергиялық тиімділігін арттыру және тұтынуды азайту бойынша ЖИ-тен ұсыныстар;
- жабдық жұмысындағы ықтимал ақауларды зияткерлі диагностиканы;
- ЖИ-ассистенті арқылы типтік сұрақтар бойынша онлайн-кеңестер.
Бүгінгі күні қосымша 330 мыңнан астам рет жүктеп, қазақстандықтар ол арқылы 150 мыңнан астам көрсеткіштерін берген.
Компанияның технологиялық инновациялары әр отбасына көмектесіп, тұрмыстық қиындықтарды азайтып және күнделікті өмірді ыңғайлы етеді.
