Облыстық қазақ драма театры әлем классикасын сахналауға кірісіп кетті

Облыстық қазақ драма театры әлем классикасын сахналауға кірісіп кетті

І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры өткен жылы көрермендерге 6 жаңа қойылым ұсынған еді. Биыл 9 спектакль жоспарланып отыр.

Театр тек қазақ драматургиясымен шектелмей, көрермендерге әлемдік классикалық туындыларды ұсынады. Сонымен қатар дүниежүзіне танымал режиссерлермен де байланыс жасайды. Осы жылы Англиядан келген Европа және Орта Азия елдеріне аса танымал режиссер Овлякули Ходжакули соғыс тақырыбына арналған Б.Брехттің «Үрей. ІІІ Империя» атты спектаклін қойды. Бұл туралы театр жетекшісі Азамат Чукеев өңірлік коммуникация алаңындағы баспасөз мәслихатында айтып берді.

 

“Бертольт Брехттің шығармалары қазақ драма театрларында осы кезге дейін өте сирек қойылды. Онда да «Кураж шешей мен оның балалары» атты шығармасы ғана сахналанды. Қостанай қазақ драма театры Бертольт Брехтті кеңірек қамтуды жөн көрді. Онда соғыспен қатар, қоғам дамуындағы адамзаттық мәселелер көтеріледі”, – деді І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының басшысы Азамат ЧУКЕЕВ.

«Үрей. ІІІ Империя» спектаклі бүгіннің өзекті мәселесін көтереді. Соғыс тақырыбы қашан да өзекті және осы Б.Брехтің еңбегі арқылы көптеген  шындық ашылды.

Жаңалықтармен бөлісу