Қазақ киносының анызы Асанәлі Әшімов өмірден өтті

Қазақ киносының анызы Асанәлі Әшімов өмірден өтті

Ол туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

Қазақстанның Халық әртісі, қазақ және әлемдік театр мен кино өнерінің көрнекті өкілі Асанәлі Әшімұлы Әшімовтің өмірден озуына байланысты отбасы мен жақын туыстарына, туған халқына қайғыра көңіл айтты.

«Асанәлі Әшімұлы ұлттық руханияттың дамуына өлшеусіз үлес қосқан, қазақ театр және кино өнерінің биік кәсіби мектебін қалыптастырған дара тұлға болды. Оның сахна мен экранда жасаған көркем бейнелері, режиссерлік және педагогикалық қызметі отандық өнер тарихында айрықша орын алады. Марқұмның жарқын бейнесі, шығармашылық мұрасы мен ғибратты ғұмыр жолы халқымыздың жадында мәңгі сақталады деп сенеміз», – деп жазды министрліктің баспасөз қызметі

Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болғай.