Қауіпке қарсы қам: облыстың оңтүстік өңірлеріндегі ахуал қалай?

Қауіпке қарсы қам: облыстың оңтүстік өңірлеріндегі ахуал қалай?

Бүгін тасқын су зардабын жою шаралары жалғасып жатқан облыстың оңтүстік өңірлерінің төтенше іс-қимылдарын бақылау үшін  облыс әкімі Құмар Ақсақалов пен ТЖД бастығы полковник Қайрат Қасым арнайы жұмыс сапарымен барды.

Осы уақытқа дейін  21 мың текше метрден астам еріген су сорылды.

Бұл жұмыстарға барлығы 642 адамнан тұратын күш пен 272  техника, 75 мотопомпа жұмылдырылған.

“Ақкөл ауылынан 18 км қашықтықта қардың күрт еруінен бөгет бұзылып, Ақкөл ауылы  мен А. Байтұрсынов ауылының арасында жол қатынасы шектелді. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты. Бұл учаскеде ЖАО күшіммен кезекшілік ұйымдастырылған. Су тасқыны жағдайының мониторингі бойынша жұмыстар жалғасуда”, – деді ТЖД бастығы Қайрат Қасым.

Арқалық қаласы Северный кентінің маңында да халық қауырт шақты бастарынан кешіп жатыр. Даладағы еріген қардың суынан жол жиектері толып, 10 тұрғын үй су астында қалды. Қазір су айдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Су басу мәселелері бойынша тұрғындардың өтініштері ескеріліп,  жедел штабтар мен жедел желілердің жұмысы ұйымдастырылды.

Суретті түсірген Бердіболат Көркембаев, Мұрат Жүнісұлы

Жаңалықтармен бөлісу