Аманкелдідегі апатқа қатысты шұғыл ақпарат келіп түсті. Оған қарсы іс-шаралар барысында 880 тоннадан астам қож және 120 тонна топырақ пайдаланылды, 300-ден астам қапшық төселген. Жеке тұрғын үйлердің ауласына инертті материалдар құйылып жатыр.
26 наурыздағы 21: 30-дағы жағдай бойынша Аманкелді ауылында С. Сейфуллин көшесі бойында 9 екі пәтерлі үй мен 3 бір пәтерлі тұрғын үйдің аула аумағы су астында қалды.
Қазіргі уақытта тұрғындар эвакуациядан бас тартып отыр. Халықты эвакуациялау үшін мектеп-интернат базасында 45 төсек орын әзірленген.
Қазіргі уақытта 560 тонна қож және 50 тонна топырақ мөлшерінде инертті материалдарды толтыру жұмыстары жүргізілуде. С. Сейфуллин көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің аумағынан еріген қар суын айдау жұмыстары жалғасып жатыр.