Облыс орталығы қарғын судың алдын алуға әзір

Облыс орталығы қарғын судың алдын алуға әзір

Бүгін қала әкімі Марат Жүндібаев су басу қаупі бар – «Қостанай–2», «Колесные ряды», «Қонай» және “Дружба” тұрғын аудандары мен «Текстильщик» бау-бақша қоғамын аралап, ерінді сулардың су бұру арналарын тексерді.

Арналарды қар мен қоқыстан тазарту жұмыстары толық аяқталғанымен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен төтенше жағдайлар қызметі тәулік бойы су деңгейін бақылап отыр.

“Бұл ретте, қаланың коммуналдық қызметтері нөсер кәріздерін, сайларды тазалауды аяқтап, су басу аймағында орналасқан учаскелерді тұрақты бақылауда ұстауы тиіс”, – деп атап өтті қала әкімі.

Сондай-ақ ықтимал апатты алдын алуға 370 техника дайындалды. 1500 тонна инертті материалдар мен 6800 дана қап контейнерлері сақадай сай. Барлық коммуналдық қызметтерге қаладағы су тасқынына қарсы жағдайға тұрақты бақылауда ұстауды тапсырылды.

Жаңалықтармен бөлісу