Қарғын сумен күрес: 22:45-тегі жағдай

Қарғын сумен күрес: 22:45-тегі жағдай

Арқалық қаласы Северный кенті Пролетарский көшесі бойында еріген қардың суы үйлерге жолдың үстімен өтіп кетпеу мақсатында жолдың жиегіне 4 камаз құм төселген.

Қосымша құмдар қапшыққа салынып жолдың жиегіне қойылып жатыр. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органнан 3 су сорғыш мотопомпасы, төтенше жағдайлар бөлімінен 2 су сорғыш мотопомпасы және төтенше жағдайлар департаментінен жылжымалы су сорғыш станциясы жұмылдырылды. Судың бағытын өзгерту үшін жолдың бойына арық қазуға 1 эксватор, 2 погрзчик техникасы жұмыс атқарды. Барлығы 50 шақты адам, 13 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде жолдың үстінен су ағуы тоқтатылды.

Жаңалықтармен бөлісу