Қарасулық Хамит Ғабдуллин республикалық әлеуметтік жобалар жәрмеңкесінің жеңімпазы атанды. Жеңімпазға Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму вице-министрі Данияр Рамазанұлы Қадыров 700 000 теңге көлеміндегі шағын грантты табыс етті.
«Бұл жоба ауыл іргесіндегі жергілікті тоғайды абаттандыруға бағытталған. Оны жүзеге асыру әуелден ойымда жүрген. Бұрын Германияда болғанда байқап едім. Экскурсиялық маршруттар мен демалыс орындары бар экологиялық соқпақ жасалды. Сол жердегі бұлақтарды ретке келтіріп, қоқыс жәшіктерін орнаттық. Әлеуметтік жобамызға қолдау білдірген Қазақстан Республикасының Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігіне және Қостанай облысы «ГРИН Альянсы» үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығына және жеке Утебаева Динара Қайырбекқызына алғысымды білдіргім келеді. Менімен бірге жобаны орындауға “Полюс” скаут тобы мен мектептің қызметкерлері көмек көрсетті», – дейді Хамит Ғабдуллин.
Ол бүгінде Новопавлов ауылы Ключевой жалпы білім беретін мектебінде басшылық қызмет атқарады.
Әсел Қибаш