26 мая, 2025
Қарасу ауданында төрт елікті атып алған браконьерлер ұсталды (ВИДЕО)

Қарасу ауданында төрт елікті атып алған браконьерлер ұсталды (ВИДЕО)

Қойбағар — Қарасу — Севастополь автожолында табиғатты қорғау полициясының қызметкері осы ауданның тұрғыны тізгіндеген «Буран» маркалы қарда жүретін көлікті тоқтатты.

Шана тіркеген қарда жүретін көлікті тексеру барысында елікті бөлшектеп салған төрт қапшық табылды. Сондай-ақ оғы жоқ оқпанды мылтық тәркіленді.

«Көлік тоқтатылған тұстан 12 шақырым жердегі орман етегінен елік сойылған учаске анықталды. Ол жерге күдіктілер төрт жануардың басы, терілері мен тұяқтарын тастап кеткен. Заңсыз аң аулау дерегі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізуде», – делінеді облыстық ПД хабарламасында.

https://youtu.be/MEMe67ePhPk

Айта кетейік, бүкіл республика бойынша «Браконьер»операциясы жүргізілуде.