Күдікті үйінде 7 келі марихуана және 5 келі гашиш сақтап келген.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері ер адамның үйін тінту кезінде өсімдік тектес есірткі салынған майонез шелектерін, бидон, пластикалық бөтелкелерді, сөмкелерді және электронды таразыларды тәркіледі.
“Сараптама бұл заттардың салмағы 7 келі марихуана және 5 келі гашиш екенін растады, бұл өте үлкен мөлшер саналады. Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Аса ірі мөлшерде есірткіні сату мақсатымен заңсыз сақтағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін”, – делінеді облыстық ПД баспасөз қызметі хабарламасында.
Полицейлер есірткі қылмысына қарсы күрес құқық қорғау органдары жұмысының басым бағыттарының бірі екенін еске салады. Жыл басынан бері Қостанай облысында заңсыз айналымдағы 13 келіден астам есірткі заттары тәркіленген.