Әлеуметтік желілерде Қарасу ауданында адамдарға “Сібір жарасы” жұқтырғаны туралы бейне таратылуда.
Қарасу ауданының әкімдігі, сондай-ақ Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының “Қарасу ауданының ветеринариялық станциясы” КМК бұл фактіні жоққа шығарғанын хабарлайды. «Таратылған ақпарат Қарасу ауданының аумағында шындыққа сәйкес келмейді» делінген хаттамада.
Сонымен қатар, ТЖ қызметтері бұл факт Ақмола облысында тіркелгенін атап өтті. ҚР ТЖМ 29 тамыздағы Жарқайың ауданындағы мәліметтерге сәйкес, Үшқарасу ауылынан Есіл аудандық ауруханасының инфекциялық бөлімшесіне “Сібір жарасы”ауруына күдікті 10 адам ауруханаға жатқызылды. Диагноз 7 адамда расталды. (ауырлығы орташа жағдай) Эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі.