«QARASU ET» жылына 5,4 мың тонна ет өнімдерін шығарады

«QARASU ET» жылына 5,4 мың тонна ет өнімдерін шығарады

Қостанай ауданы орталығында орналасқан «QARASU ET» ЖШС өндіріс қуатын арттыра түскен. Комбинат қызметімен облыс әкімі Құмар Ақсақалов арнайы барып танысты.

Комбинат жылына 5,4 мың тонна ет өнімдерін шығарады. Шикі және дайын өнімдердің сан алуан түрі бар. Кәсіпорын соңғы үлгідегі құрылғылармен жабдықталған. Тұтас облыста жоқ бірегей технологияны осы жерден кезіктіруге болады. Мәселен, еш комбинатта жоқ 50 тонналық тоңазытқышты ерекше атап өтуге болады. Серіктестік өкілдері өңір басшысына толық циклді ет өндірісі барысын бастан-аяқ таныстырды. blankblankblankblank

            «Біздің бордақылау алаңында үш мыңнан астам ІҚМ бар. Сегіз мыңға дейін көбейтуді көздеп отырмыз. Бұл комбинатымызды толық циклмен қамтамасыз ете алады. Ассортиментте сиыр, қой, тауық еті, шұжық өнімдері және уатылған ет бар. 70% өзіміздікі, қалғаны тұрғындар өткізген мал етінің үлесінде. Қостанай қаласында өнімдеріміз сатылатын сөрелер өте көп. Алматы, Астанадағы сауда нүктелерін 18-ге дейін көбейтпекпіз. Сондай-ақ Иран, Өзбекстан және Қытайға экспортталады», – дейді серіктестік директоры Жеңіс Төленов.

blankblankblankblankblankОның ақпаратынша, «QARASU ET» шұжық өнімдері жөнінен облыстағы алдыңғы қатарлы кәсіпорындар тізімінде тұр. Алдағы уақытта импортқа тәуелділікті азайту мақсатымен ішкі өнім үлесін арттырып, өңірдегі және елдегі көшбасшы комбинаттардың біріне айналуды көздейді. Оған жол ашарлықтай жабдықталым, мал, шикізат бар, өнім түрлері біртіндеп көбейіп келеді және жұмысшылар санын жүзге жеткізу межеленіп отыр.blankblankblankblank

Тағы бір айтары, комбинаттар терілерді де кәдеге жаратып отыр. Тапсырыс берушілермен жасалған келісім бойынша, он тонна тері жинаған соң құжаттары рәсімделіп, экспортқа шығарылып отырады. Осы тұста облыс әкімі маңызды ұсынысын айтты.blank

            «Қазір Арқалықта тері өңдеру цехін қалыпқа келтіріп жатырмыз. Инвесторлар тартылды. Ашылып жатса, көп көлемде тері қажет болады. Олар сіздермен сатыпалым келісім-шартын жасасатын болады. Цехта өңделген теріні экспортқа шығарамыз. Мал шаруашылығының өрістей түсетіні анық нәрсе. Мемлекеттік қолдау шараларының күшейе беретіні сөзсіз. Сондықтан мұндай ет комбинаты және тері өңдеу кәсіпорындары аса қажет», – деді Құмар Ақсақалов.

blankblankОдан ары өнімдер сөресі назарға ұсынылды. Соғымдыққа бөлшектеліп, тұздалып-бапталған жылқы, сиыр еттерін, ресторан тағамына лайықталған өнімдер, киік етінен әзірленген консервілер мен жартылай дайын ботқалар, әр сұрыпты шұжықтар, қылайтықтар сұранысына ие сорпалықтар және басқалар таныстырылды. blankblankblankblankӨңір басшысы даму даңғылына түскен комбинат жұмысы үшін серіктестіктің бас иесі, әлеуетті кәсіпкер Алмат Тұрсыновқа разылығын білдірді.

            «Өндіріс жақсы жолға қойылыпты. Мұның бәрі импортты төмендетуге ықпал етуі керек. Өйткені елімізге сырттан келетін ет өнімдерінің үлесі үлкен екенін білесіздер. Өз өнімдерімізбен осыған тосқауыл қоюға мүмкіндігіміз жетеді. Алмат Жанәбілұлы, сіздің жетекшілігіңізбен жақсы жүзеге асып жатқан жобалар 41% мөлшерінде тұрған импортты кемітуге ықпал етеді деп сенеміз. Көп рахмет, істеріңіз алға бассын», – деп лебіз айтты облыс әкімі.blank

Суреттерді түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ