Қостанай облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр. Облыстық жедел штаб отырысында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов халықты және үй жануарларын эвакуациялау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.
Ықтимал су тасқыны қаупі бар қалалар мен аудандарда, өңірлік штабтар тұрғындарды ықтимал эвакуациялауға дайындау жұмыстарын жүргізді, қажетті заттарды, құжаттарды, құнды мүліктерді дайындау, малды тарату ұсынылды.
4 сәуірде Қарасу өзенінде су деңгейінің көтерілуі салдарынан су басу қаупі төніп тұр. Осыған байланысты Қарамырза ауылынан алдын ала 108 адам эвакуацияланды.
“Олардың арасында балалар, әйелдер және мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Полицейлер өз бетінше қозғала алмайтын адамдарды қолдан жасалған құралдарды пайдалана отырып, көтеріп алып жүруде. Қарасу ауданының полиция бөлімінің бастығы Руслан Төлеубаевтың айтуынша, ер адамдар су тасқынына қарсы іс-шараларға көмектесуге қалды. Қарамырза ауылынан 90-нан астам адамды полиция қызметкерлері өз бетінше эвакуациялады. Қараусыз қалған үйлер жергілікті полицияның бақылауына алынды”, – деген ақпарат беліп отыр облыстық ПД баспасөз қызметі.
Жалпы, бүгінгі таңда Қостанай облысы бойынша 1392 адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Жергілікті атқарушы органдар елді мекендерді судың басуына жол бермеу үшін үйінді жасау, қаптармен, инертті материалдармен толтыру секілді алдын алу шараларын қабылдап жатыр. Авариялық-құтқару жұмыстарына 1967 адам жұмылдырылған.