Алапат су тасқыны Арқалық қалысы мен Аманкелді ауданында тоқтап, Жанкелдин ауданының бірқатар ауылына зардабын тигізді. Қазіргі таңда қарқыны баяулағаны байқалып отыр. Жанкелдин ауданында қауіпті аумақтардан құтқарылған адамдарға демеушілер мен ұжымдар тарапынан гуманитарлық көмек әлі де жеткізіліп жатыр.
Торғайдағы “Балдырған” балабақшасының ұжымы палау, салат дайындап, бөлке нан үлестірді. Әкімшілік есебінен Тәуіш ауылына, ауыр техника жүргізушілері, төтенше жағдайлар қызметкерлері мен әскери адамдарға консерві, жанар-жағар май, еріктілер қорынан нан-су жіберілді.
Тентексайдағы 10 адамға осындай көмектер полиция қызметкерінен жолданды. Еріктілер қорынан Сарысу ауылына 1 қайық,1 электр генераторы,1 мотопомпа және 40 литр жанар май жеткізілді.