Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары Солтүстік Қазақстан облысы мен Қостанай облысына апаттық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу мақсатында көмекке келді.
Қазіргі уақытта құтқарушылар қаптарды инертті материалмен толтыру жұмыстарын жүргізуде.
Көмекке барлығы 115 адам, 14 техника, 27 мотопомпа және 6 су көлігі жіберілді.
Бұған дейін ТЖМ қызылордалық құтқарушылар Ақтөбеден Қостанайға қарай жолға шыққанын хабарлады.
“Қызылорда облысының ТЖД қызметкерлері Ақтөбе облысындағы Әйтеке би ауданының Әйке ауылындағы эвакуациялау-құтқару, көмек көрсету жұмысын тәмамдады. Аталмыш жұмыстарды жалғастыру мақсатында, орталық штабтың тапсырмасына орай олар Қостанай облысына қарай жолға шықты”, – делінеді хабарламада.