Қарабұтақ-Қостанай жол бойына кемпинг салынады

Қарабұтақ-Қостанай жол бойына кемпинг салынады

Қамысты ауданында ауыл шаруашылығы саласында 2,1 млрд теңге сомасына 12 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Онда 30 жұмыс орны құрылмақ. Соның ішінде жылдың аяғына дейін бір млрд теңгенің үш жобасы іске қосылуы тиіс. Ал аудандағы жетекші кәсіпорындардың басты мақсаты – инвестициялық жобалар, соның ішінде тұрғын үй салу және жас мамандарды тарту арқылы жұмыскерлердің табысы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту.

Өңір басшысы осы ауданға жасаған сапарында алдымен батыс пен күнгейді біздің аймағымызбен жалғап жатқан «Қарабұтақ-Қостанай» күре жолының аудандағы бөлігінің қайта жөндеу жұмыстарымен танысты.

Қарабұтақ-Қостанай тас жолы бойында сексен млн теңгеге жуық қаражатқа кемпинг салу, Сахаров ауылында тұрғын үй құрылысы жүргізу жұмыстары жүріп жатыр. Келесі жылы ауылды абаттандырумен қатар, серіктестік жұмысшыларына баспаналар салуды көздеп отыр. Ал 2024-2025 жылдарға 8 млн теңгеге 16 дана бейнебақылау камераларын орнату жоспарланған.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Суретті түсірген Бердіболат Көркембаев

Жаңалықтармен бөлісу