Қарабалық та сақадай сай

Қарабалық та сақадай сай

Қарабалық ауданының тұрғындары алғаш рет аудан әкімін сайламақ. 5 қарашадағы сайлау күгі өңірде 54 учаске жұмыс істейтін болады. Бүгінде ауданда 16 мың 883 сайлаушы тіркелген. Олардың ішінде 120 адам тұңғыш рет дауыс бергелі отыр. Халық алдағы науқанға қаншалықты әзір, оны алдағы сайлау нәтижесі көрсетпек.

–«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституициялық заңның 113-5- бабына сәйкес Қарабалық ауданының әкіміне үміткерлер тіркелді. Үміткерлерді тіркеу туралы ақпарат аудан әкімінің ресми сайтында , жергілікті баспасөз беттерінде жарияланды,– дейді аумақтық сайлау учаскесінің төрағасы Татьяна Салмина.

Бүгінде кандидаттардың сенім білдірген 192 өкілі тіркелген. Қазіргі таңда үміткерлердің үгіт-насихат жүргізуіне санаулы күндер қалды. 4 қарашаға дейін әлі сайлаушылармен кездесуге уақыт бар. Сайлау комиссиясы тұрғындарға дауыс беретін орындар мен өту уақыты жайлы ақпаратты хабарлап, жеткізіп отыр. Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Т.Салминаның айтуынша, барлық учаскелік сайлау учаскесі әзіліктерін соңғы рет пысықтап, жексенбілік қарбаласқа дайындап отыр.

Қазіргі таңда барлық сайлау учаскесі байланыс құралдарымен толық қамтамасыз етілген.

–Барлық қажетті заттар-кеңсе техникасы, компьютерлер, кеңсе тауарлары, ақпараттық плакаттар, тіркеу журналдары, шақыру қағаздары әкелінді. Комиссия мүшелері түгел. Енді халықтың белсенді қатысқаны керек,– дейді Татьяна Салмина.

Өткен жылғы сайлауда 132 адам үйден дауыс берсе, биыл 52 адам осындай өтініш білдіріпті.Мүмкіндіші шектеулі адамдар сайлау күні күндізгі сағ 12.00-ге дейін өтініш бере алады.

Әлібек ЫБЫРАЙ

Жаңалықтармен бөлісу