Қаламгерлерге алғыс айтылды

Қаламгерлерге алғыс айтылды

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының «Ақпараттық-кешендік» кітапханасында «Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбында жергілікті қаламгерлердің кітаптары мен монографиялық еңбектерін насихаттаған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

«Тобыл –Торғай» өңірі қаламгерлерінің қолтаңбасын насихаттау, кітапхана кешеніне оқырмандар тартуды көздеген көрмеге Арқалық қаласының құрметті азаматы, тарихшы, өлкетанушы, қарымды қалам иесі Шөптібай Байділдиннің де қазақтың ою-өрнегі жайлы үш кітабы, Кейкі батыр туралы жазылған екі кітабы және «Мұхиттан өткен қайық», «Санаулы ғұмырымдағы саналы ойларым», «Тарихымызды түгендейік» кітаптары қойылды.

«Алғыс айту күні мерекесі қарсаңында оқырмандардың көркем әдебиетке, кітапқа деген қызығушылығын қалыптастыратын ең үлкен де ұлы тәрбие құралы кітап жазу ісімен айналысып, қазақ әдебиеті мен мәдениетін биікке көтерген қаламгерлерімізге алғысымызды білдіреміз»,–дейді іс-шара ұйымдастырушылары.

 

М.Бекетұлы

                                                                                                     Арқалық қаласы

Жаңалықтармен бөлісу