Қаладағы үш жүзге жуық жер учаскесі құрылыс талаптарына сай келмей тұр

Қаладағы үш жүзге жуық жер учаскесі құрылыс талаптарына сай келмей тұр

Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаевтың төрағалығымен жер учаскелерін беру туралы кеңес өтті. Жер қатынастары бөлімінің құзіретіне сәйкес жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясат жүзеге асырады, оның ішінде жер учаскесін беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетеді.Іс-шарада бөлім басшысы Марат Есламханұлы Коммерциялық аймақтарда, оның ішінде аукциондарда жер учаскелерін беру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.

“Өткен 2023 жылы коммерциялық нысандар салу үшін жалпы ауданы 8,9 гектар 20 жер учаскесіне жалдау құқығын сату бойынша 5 аукцион өткізілді. Қорытындысы бойынша бюджетке 201,5 млн теңге түсті. Өтініш берушілер сұратқан учаскелердің қолданыстағы қала құрылысы талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты коммерциялық мақсаттағы 238 жер учаскесі бойынша аукцион өткізуден бас тартылды”, –дейді ол.

Жер кодексінің 48-бабының нормаларына сәйкес, коммерциялық мақсаттар үшін мемлекеттік меншік құрамынан алынған жер учаскелері инвестициялық жобаларды іске асыру, қолданыстағы құрылыстарға қызмет көрсету, оларды кеңейту немесе реконструкциялау үшін аукциондарда уақытша жер пайдалануға беріледі.

“2023 жыл кезеңінде жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша Қостанай облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментіне тексерулер жүргізу және жер учаскелерін жалға алушылар мен меншік иелерін заңда белгіленген жауапкершілікке тарту үшін ауданы 8,8 гектар 68 жер учаскесі бойынша материалдар анықталды”, –деді Марат Темірбаев.

Қала әкімі Марат Жүндібаев көптеген сатып алынған учаскелер бос екеніне тоқталып, баса назар аударды. Өйткені кәсіпкерлер оларды қайта өткізу үшін сатып алады. Инвестициялық жобаларды дамытқысы келетін адамдарды қолдау қажеттігін айтты.

“Мен мәселені бірінші рет айтып отырған жоқпын. Егер олар көп жылдан бері бос болса және иелері бұл туралы ештеңе жасамаса, проблемалық аймақтарды алып тастау керек. Тұрғындардан көптеген шағымдар келіп түседі, таксопарк көліктердің өтуіне кедергі келтіреді, жаяу жүргіншілер де қиналады. Жол бұл бірдей қалалық қажеттілік”, – деп тапсырма берді қала әкімі.

Диана БАТЫРБЕК

 

 

 

 

 

 

Жаңалықтармен бөлісу