Қала күні мерекесінің үшінші күнінде орталыққа ертемен жиналған қауым балғын суретшілердің өнеріне куә болды. Олар қала күніне деген сүйіспеншіліктерін ой-қиялымен өрнектеп, майлы бояумен қағаз беттеріне бейнелеп жатты. Жергілікті “Карнавал” би ансамблінің мерекелік бағдармасы ұсынылды. Кешке жақын бұл думан эстрада жұлдыздарының концерттік бағдарламасына ұласты. “Март” сауда үйінің жанындағы сахнада жергілікті өнерпаздар ән салып, би биледі, әкімдік алдындағы алаңда The Jigits (Қазақстан), Tanir&Tyomcha (Қазақстан), Jah Khalib (Ресей) деген танымал әншілер өнер көрсетті. Ұлы дала сазы шырқалып, сән өнерінің үздіктері өздерінің жаңа дизайнерлік киім үлгілерін жиналған халықтың назарына ұсынды.
Қостанайлықтар түн ауа мерекелік отшашуды тамашалады.
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев