Қайрат Оспанов: “Жұмағұл ауылында табиғи апат салдарынан 7 тұрғын үй зардап шекті”

Қайрат Оспанов: “Жұмағұл ауылында табиғи апат салдарынан 7 тұрғын үй зардап шекті”

Қарасу ауданында тасқыннан жапа шеккен елді мекендердің бірі Жұмағұл ауылы. Осыдан бір айдай уақыт бұрын табиғи жағдайдан кейін жылы орындарын тастап, елде адам қалмағанына көзіміз жеткен еді. Жуырда өткен баспасөз мәслихатында бізді сол тұрғындардың жағдайы алаңдатып,  аудан әкімі Қайрат Оспановтан білген болатынбыз.

“Қарасу ауылдық округіне қарасты Жұмағұл ауылында табиғи апат салдарынан 7 тұрғын үй зардап шекті. Халықты баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 52 млн теңгеге жеті тұрғын үй сатып алынды. Қазіргі таңда Жұмағұл ауылының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарының барлығы қоныстандырылып, жалпы сомасы 2,6 млн теңгеге 100 АЕК көлемінде біржолғы жәрдемақы төленді”, – деген жауап алдық.

Жаңалықтармен бөлісу