Халықаралық Волонтер күніне орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-парақшасында лебіз-пікір қалдырды.
Бүгін – Халықаралық волонтер күні. Біз өзгеге қол ұшын беретін жандарды әрдайым құрметтейміз. Еріктілер мейірімділік пен сүйіспеншіліктің, тілектестік пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. «Адал азамат» тұжырымдамасының тірегі – осы мызғымас құндылықтар, – деп жазды Президент.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы 2020 жылды “Волонтер жылы” деп жариялап, «еріктілер – өзгенің мәселесін өз ісіндей көретін жүрегі кең, ниеті дұрыс жандар» деген баға берген болатын. Ал бұл атаулы күнді “экономикалық және әлеуметтік дамуға көмек көрсетуші еріктілердің халықаралық күні” деп те атауға болады. БҰҰ Бас ассамблеясының бастамасымен 1985 жылдан бері 5 желтоқсан күні атап өтіліп келеді. Қазақстанда 200-ден астам волонтерлік ұйым бар.