Полиция қызметкерлері қант диабетімен ауыратын жүргізушіге көмектесті

Полиция қызметкерлері қант диабетімен ауыратын жүргізушіге көмектесті

Патрульдік полицейлер Алмат Утепов және Куат Букпеновке Абай даңғылының бойындағы автовокзал маңында тұрған күдікті көлік туралы хабарлама келіп түсті. Сақшылар тиісті орынға келіп, көліктің терезесін қаққан. Алайда жүргізуші жауап бермеген.

“Жүргізушінің жағдайы бізге біртүрлі болып көрінді. Орнынан қозғалмастан көзін жұмып отыра берді. Дереу жедел медициналық көмек шақырылып, туыстарын анықтадық. Медицина қызметкерлерімен бірге жолаушылар терезесін сындыруға шешім қабылдадық”, – деді Алмат Утепов.

Полиция қызмепткерлері оны дәрігерлерге тапсырды. Ер адам ауруханаға жатқызылды.

Жүргізушінің қызы арнайы қызметке көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

Жаңалықтармен бөлісу